Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/06.11.23/06.11.23.jpg

«Өскемен ЖЭО» ЖШС өкілдері Қазақстан Республикасындағы қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын түсіндіру бойынша семинарға қатысты

| Жаңалықтар

2023 жылдың 2 қарашасында «Өскемен ЖЭО» ЖШС өкілдері Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқармасы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын түсіндіру бойынша семинарға қатысты.

Іс-шара онлайн-режимде өтті, оған мемлекеттік мекемелердің, салалық кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің 100-ден астам өкілдері, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, кәсіпорын басшылары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшылары мен мамандары қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов баяндама жасады.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Талғат Немеренов қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттарымен таныстырды.

Қауіпсіз және лайықты еңбекті қамтамасыз ету бүкіл әлемдегі мемлекеттік саясат пен ұлттық еңбекті қорғау бағдарламаларының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл тұжырымдама Мемлекет басшысының 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген. Тұжырымдаманы бекіту 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz