Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/27.10.23/27.10.23.jpg

Зейнеткерлік демалысқа шығарып салдық

| Жаңалықтар

2023 жылдың 26 қазанында Өскемен ЖЭО Орталықтандырылған жөндеу цехының қазандық және тозаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі Степан Шмоцер мен отын-көлік цехының жүк пен багаж қабылдап-тапсырушы Надежда Трофимованы зейнеткерлік демалысына шығарып салды.

Степан Шмоцер өзінің еңбек жолын 1997 жылы 27 наурызда Өскемен ЖЭО-да ОЖЦ-ның қазандық пен тозаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі ретінде бастады.

Степан Васильевич Өскемен ЖЭО-ға өмірінің ширек ғасырдан астам уақытын арнап, станцияда 26 жыл жұмыс атқарды. Сонымен қатар, ол Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюшылардың бірі болып табылады.

Станцияда жұмыс істеген уақытында Степан Васильевич өз ісінің кәсіби маманы, рационализатор–өнертапқыш, адал қызметкер ретінде танылды.

Надежда Трофимова өзінің еңбек жолын 1984 жылы 13 маусымда Өскемен ЖЭО-да Отын-көлік цехының отын беру мотористі қызметінен бастап, 1993 жылы сол цехта жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы болып ауыстырылды. Надежда Владимировнаның барлық еңбек қызметі Өскемен ЖЭО-мен байланысты. Надежда Трофимованың туғанындай болып кеткен станциядағы жұмыс өтілі 39 жылды құрайды.

«Жауапты, позитивті, бастамашыл, табанды қызметкер, адал дос. Ол көптеген жас энергетиктерге тәлімгер болды, оларды оқытты, тәжірибелерімен бөлісті», - әріптестері Надежда Владимировнаны осылай сипаттайды.

Өскемен ЖЭО-ға ондаған жылдарын арнаған зейнеткерлерге басшылық пен ұжымның атынан жылы сөздер көптеп айтылды.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Нұғыманов Степан Васильевич пен Надежда Владимировнаға кәсіпорынның табысты жұмысына қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, отбасы аясындағы өмірлік жолдың жаңа, маңызды әрі қызықты кезеңінде зор денсаулық пен биік жетістіктер тіледі.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz