Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz

Компания туралы


«Өскемен ЖЭО» ЖШС – Қазақстан Республикасы Шығыс өңіріндегі Өскемен қаласында орналасқан жылу-электр орталығы. Аймақтағы ең ірі жылу-электр станциясы болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі қызметі болып табылатын жылу және электр энергиясының өндірісі аралас тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда станцияда 9 қазандық агрегаты мен 8 турбина агрегаты орнатылған.
Кәсіпорындағы негізгі отын түрі – көмір. Қазандық агрегаттарының тамызық отыны - мазут. Отын станцияға теміржол арқылы жеткізіледі.

Станциямен өндірілген қаланың тұрғын-коммуналдық секторының 80% жүктемесін қамтиды. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу энергиясымен жабдықтайды.

2022 жылы Өскемен ЖЭО іске қосылғанына 75 жыл толды. Қазіргі уақытта станцияда 570 адам жұмыс істейді. Қазіргі кезде станцияның белгіленген жылу қуаттылығы - 859,9 Гкал/сағ, белгіленген электр қуаттылығы – 372,5 МВт құрайды.

16.04.24 ж. жағдай бойынша жылу қуатының резервтері, бос және қолжетімді жылу қуаттары жоқ. «Өскемен ЖЭО» ЖШС теңгерімінде беру және тарату желілері жоқ, өндірілген жылу энергиясы станцияның 2хДу-800 екі тік жылу коллекторынан тікелей жіберіледі.

Электр қуаты туралы ақпарат, МВт:
Күні Законтрактовано Орталықтандырылған сауда-саттықта сату жоспарлануда Желіге жіберу үшін еркін
16.04.2024 242.92 0 0

Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz