Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/09.11.23/09.11.23.jpg

«Өскемен ЖЭО» ЖШС-де парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласында ISO стандарттарының сериясын дамытуды насихаттау бойынша тренинг өтті

| Жаңалықтар

2023 жылдың 7 қарашасында «Өскемен ЖЭО» ЖШС-де парниктік газдарды басқару саласындағы ISO стандарттарының сериясын аккредиттеудің және насихаттаудың жаңа бағыттарын дамыту шеңберінде қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың қондырғылары операторларының, экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау инспекторларының және басқа да мүдделі тұлғалардың негізгі персоналы үшін парниктік газдар есептілігін валидациялау және верификациялау мәселелері бойынша бір күндік тренинг өтті.

Іс-шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ұйымдастырды. Ұлттық аккредиттеу орталығы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сәйкестікті бағалау саласындағы жалғыз Ұлттық аккредиттеу органы болып табылады.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің өкілдері, өңірдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының сарапшы-экологтары, қоғам белсенділері, "ECOJER" экологиялық бастамалар қауымдастығының Шығыс Қазақстан филиалының мүшелері және мүдделі тұлғалар қатысты.

Өңірлік Экология департаментінің басшысы Данияр Алиевтің айтуынша, Париж келісімінің талаптарына сәйкес қазіргі уақытта Қазақстан климаттың өзгеруінің салдарын бейімдеу және жұмсарту жөніндегі шаралардың әсеріне қатысты қолданыстағы өлшеу және есептілік жүйесіне талдау жүргізуде.

- Климаттың өзгеруі мәселесі бүкіл әлемдегі мемлекеттік нысандар тарапынан ғана емес, сонымен қатар қалалар мен жеке сектор сияқты мемлекеттік емес нысандар тарапынан да үйлестірілген іс-қимылды талап етеді. Дәл осы жағдайда қондырғы операторлары үшін ISO 14064-1 және Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген валидация және верификация органдары үшін ISO 14064-3 халықаралық стандарттарының талаптарын енгізу өте өзекті болып табылады, - деп хабарлады Сертификаттау, валидация және верификация органдарын аккредиттеу ұлттық орталығының Сертификаттау органдарын аккредиттеу департаментінің басшысы Анар Есенжулова.

Іс-шара соңында қатысушылар бірқатар нақты ұсыныстар айтты. Сертификаттау, валидация және верификация органдарын ұлттық аккредиттеу орталығының Сертификаттау органдарын аккредиттеу департаментінің басшысы Анар Есенжулова тренингті ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін «Өскемен ЖЭО» ЖШС басшылығы мен ұжымына алғысын білдірді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz