Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/30.11.23_1/30.11.23.jpg

«Өскемен ЖЭО» жшс-де жаңадан қабылданған қызметкерлерді оқыту өтті

| Жаңалықтар

2023 жылғы 29 қарашада «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің Корпоративтік оқыту орталығында жылу электр орталығы жұмысының ерекшеліктерімен танысу мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерлерді оқыту өтті.

Бағдарлама жаңа қызметкерлердің ұжымға тезірек және тиімді енуін қамтамасыз етуге, кәсіпорында қабылданған Қауіпсіздік техникасы мен Еңбекті қорғау стандарттары туралы ақпарат алуға, қателіктерді болдырмау мақсатында олардың алдын алуға, жұмыстың алғашқы күндерінен бастап бейімделуге бағытталған.

Жаңадан келген қызметкерлерге арналған тренингті сертификатталған жаттықтырушылар жүргізді. Оқыту келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • кәсіпорында қабылданған ҚТ және ЕҚ стандарттары;
  • қоршаған ортаны қорғау стандарттары;
  • кәсіби құзыреттілік шеңберінде оқыту бағдарламаларын таныстыру;
  • өндірістегі этика мен үнемділік саясатының нормативтік стандарттары;
  • «Алғашқы медициналық көмек көрсету» оқытуы;
  • ««Кайдзен» процестерін үнемі жақсарту жүйесі» оқытуы.

Жаңа жұмысшыларды оқытуға бағытталған бұл тәсіл ұжым ішіне интеграцияға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды болып келетін өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Біздің станцияға жаңадан қабылданған қызметкер ретінде оқыту процесі жайлы өз пікіріммен бөліскім келеді. Бұл оқыту ЖЭО жұмысының көптеген аспектілеріне терең үңілуге мүмкіндік беретін қызықты, ақпараттық және танымдық уақыт болғанын атап өткенім жөн, - деп электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесінің кезекші операторының тағылымгері Амина Құсайынова өз пікірімен бөлісті.

Нәтижесінде, жаңа қызметкерлер жұмыс ырғағына тезірек және оңай еніп, кәсіби дағдыларын жетілдіре алады. Осылайша, өндірістегі қауіпсіздік саласында жаңа қызметкерлерді мақсатты оқыту кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттырады және өндірістік апаттардың туындау қаупін азайтады. Өскемен ЖЭО жұмысшылар алдындағы өз жауапкершілігін көрсетіп, олардың жұмыс орнындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша тырысады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz