Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/05.02.2024/5.jpg

Еңбек сіңірген демалысқа шығарып салдық

| Жаңалықтар

2024 жылғы 2 ақпанда Өскемен ЖЭО-да отын-көлік цехының 4-разрядты вагон аударғыш машинисі қызметін атқарған Тоқтарбек Камалиевич Ужикеновті еңбек сіңірген демалысына шығарып салдық.

Тоқтарбек Камалиевич 1961 жылы 4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында орналасқан Маралды ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол екі баланың әкесі және бес немересінің атасы. Тоқтарбек Ужикенов еңбек жолын 2019 жылғы 15 маусымда Өскемен ЖЭО-да отын-көлік цехында отын беру моторшысы ретінде бастады. 2021 жылы ол 4-разрядты вагон аударғыш машинисі лауазымына ауыстырылды.

Тоқтарбек Қамалиұлы жас мамандар үшін үлгі болып, оларды еңбекқорлық үлгісімен шабыттандырды. Ол өз ісінің нағыз шебері, өз білімімен бөлісуге және әріптестеріне олардың кәсіби өсуіне көмектесуге әрқашан дайын. Оның қатысуы мен үлесінің арқасында цех жұмысы бұдан да тиімді әрі нәтижелі болды.

Тоқтарбек Ужикенов өзінің жеке үлгісімен еңбек ұжымында сенімге, құрметке және беделге ие болды. Әріптестері оны берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға және әртүрлі жағдайларда өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті бастамашыл, жауапты және сенімді адам ретінде біледі.

Тоқтарбек Камалиевичке ЖЭО басшылығы мен ұжымы жылы тілек-лебіздерін білдірді.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов Тоқтарбек Камалиевичке отын-көлік цехының табысты жұмысына қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, мықты денсаулық және өз отбасымен бірге жаңа, маңызды әрі қызықты кезеңде зор жетістіктерге жетуді тіледі.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz