Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz

Тарихы


Станция туралы бірінші жазбалар 1939 ж. жазылған, сол кезде мырыш зауытының жанында Өскемен ЖЭО мен Өскемен су электр станциясын жобалау жұмыстары басталған. 1939 жылы станцияның құрылысы да басталды.

1939 жыл станцияны құру үшін қосалқы бөлімшелерді дайындау жылы болды. Құрылыс кірпіш зауытынан, тұрғын кентінен, ЖЭО құрылыс алаңынан басталды, оның құрамына ерітінді-бетон зауыты, ағаш кесетін жерлер мен қоймалар кірді. Қуаттылығы 210 кВт құрайтын уақтылы электр станциясы салынды. Сосын соғыс басталып, соның салдарынан құрылыс тоқтатылды. 1942 жылы "Электроцинк" Орджоникидзе зауытының құрал-жабдығы эвакуацияланғанна кейін құрылыс жалғастырылды.

1946 жылдың басында станцияда 6 адам ғана жұмыс істеген болатын, оларды Леонид Львович Ставицкий (1945-1946 жж. аралығында) басқарды, ал бас инженер М.С. Стаскевич болды. Сол кезде осы адамдар мен электр цехының бастығы А.Я. Лепилинде ғана жоғары білім болды. Құрылыс ұлғая келе, оның ұжымы да өсе түсті, бірінші агрегатты іске қосудың басында 272 адамды құрады.

1946 жылы Л.Л. Ставицкийді директор лауазымында Иван Михайлович Ивашевский алмастырды, осы қызметте ол 1951 жылға дейін жұмыс атқарды.

1947 жылғы 27 қыркүйекте Өскемен мырыш зауытының іске қосылуына қарай әрекеттегі алғашқы 4 МВт-тан 60 атм. жоғары қысымдағы екі блок жұмысқа енгізілді.
Беляев, Мережко, Горшков, Краснов, Панкратов, Бусыгина, Рукавишников, Рыбалко, Фролов, Везигина, Кунгурцев – станцияның алғашқы қалыптасуына үлестерін қосқан адамдардың біразы ғана.

1951 жылдың желтоқсан айында Өскемен ЖЭО 26 МВт 2-ші кезегі ағылшын құралында пайдалануға енгізілді. 1951 жылдан бастап станция директоры лауазымына Вадим Аркадьевич Вериго тағайындалды, ол осы қызметте 19 жыл жұмыс істеді!

1952 жылдың қараша айында Өскемен ЖЭО үшінші кезекпен кеңейтілді – 3 қазандық 75 т/сағ және екі турбина 12 МВт.
Станция қуаттылығының дамуымен қатар қалалық жылу жүйелері де құрыла бастады, олар 100 қазандықтан артық көлемді жабуға мүмкіндік берді, соның арқасында қаладағы экологиялық ахуал айтарлықтай жақсарды.

1952-53 жж. алғашқы бойлерлік іске қосылып, салынып жатқан металлургтер кентінің ауданында алғашқы магистраль құрылды.

1954 жылы Т-25-29 25 МВт жылуландыру турбинасы енгізілді. 1959 жылы стнцияның төртінші кезегінің құрылысы аяқталды. 1963 жылы Белинский көшесі мен Ленин алаңы бойынша және Комендантка өзеніне дейін ұзындығы 3000 метр құрайтын тағы бір жылу магистрал торабы, ал 1966 жылы Лев Толстой бульвары (қазір Ленин алаңының бас жағы) бойынша магистраль салынды. 1963-1967 жж. аралығында станцияның бесінші кезегі іске қосылды.

1966-1970 жж. аралығында Өскемен ЖЭО-да жоғары қысымдағы Т-50-130, T-I00-I30 және P-40-I30 бірінші жылыту блоктары енгізілді. Осы жылы станция директоры болып Василий Ефимович Архипов тағайындалды, ол осы лауазымда 1976 жылға дейін қызмет атқарды, ал кейіннен Қазақстан Энергетика министрлігі бір басқармасының бстығы болып тағайындалды.

1967-1970 жж. аралығында Өскемен ЖЭО алтыншы кезегі пайдалануға беріліп, 1981 жылы жетінші кезектің құрылысы басталды, ол осы күнге дейін ... аяқталмаған, оның, әрине, өз себептері бар.

1976 жыл директор болып Юрий Моисеевич Маргулис тағайындалып, станцияны 16 жыл бойы - 1992 жылға дейін басқарды.

1985 ж. 15 қарашада бірқұбырлы 600 м. жылу трассасымен Өскемен ЖЭО аумағы көпір арқылы Солтүстік жағалаудағы өнеркәсіптік тораптың оңтүстік қазандығымен қосылды.

1991 жылы қазіргі әрекеттегі № 14 - 500 т./сағ. қазандық пайдалануға берілді. Сосын елімізде баршаға белгілі қайта құру кезеңі басталды. Энергетика саласы қалтырады, экономиканың өзге де салалары сияқты. Бұл жайт Өскемен ЖЭО-ның тағдырына да әсерін тигізді: біртұтас энергия жұйесінің құлдырауы, төлемсіздік, қарыздар, отынмен жабдықтаудағы қиыншылықтар және өзге де кері әсерлі себепшарттар станцияның жұмыс қабілеттілігіне әсерін тигізбей қоймады, соншалықты қажетті жетінші кезектің құрылысы баяулады. Осы күрделі жылдары (1992-1997) осыған дейін станцияның бас инженері луазымында «сегізжылдықты» атқарған Владимир Федорович Холявин басшылыққа келді. «Таза өндіріспен» қатар ЖЭО әлеуметтік құрылым нысандарына ие болды, оның "Аюда" демалыс базасында 30 үйлік Гастелло атындағы тамаша пионер лагері, өз здравпункты, асханасы, дүкені, буфеты болды. Станция жұмысшылары осы жылдар барысында кәсіби шеберлік, спорт сайыстарына, көркем өнерпаздық байқауларына белсенді қатысты. Станцияның көптеген қызметкерлері жоғары үкіметтік марапаттармен марапатталған.

1997 жылы станция директоры болып Сергей Афанасьевич Тазин тағайындалды. Бұл жылдар станция үшін оңайға тиген жоқ. Бірақ, ұжымның ұйымдасқан жұмысының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде станцияда тығырықтан шығуға мүмкіндік берген айтарлықтай өзгерістер орын алды. Кәсіпорынның штаты оңтайландырылды: қосалқы персонал радикалды қысқартылды, басқарушы кадрлар қайта топтастырылды. Жоғары білікті мамандардың негізгі ұйытқысы сақталды, бұл станцияға алдыңғы жылдардай сенімді қызмет атқаруға мүмкіншілік берді. 2000 жылы Сергей Тазинды басшылық қызметінде станцияның сегізінші директоры болған Геннадий Юрьевич Туранов алмастырды.

1997 жылдан бастап негізгі салымдар вагонаударғыш, ыстық сумен қамту сорғысының (ЫСҚС), № 3 күл үйіндісі, градирня және ст.№12 турбинаның құрылысына бағытталды.

1999 жылы вагонаударғыш кешенін енгізу штабельдегі көмірдің мөлшерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіншілік туғызды, сондықтан бульдозердің жұмыс шығысы, вагондардың тұрғаны үшін айыппұл және қоршаған ортаны ластау үшін айыппұлдардың мөлшері азайтылды. Штабельдегі көмірдің табиғи жоғалуы да маңызды қысқартылды.
Ыстық сумен қамту сорғысының енгізілуі жылу жүйелерінің гидравликалық режимін жақсартты, сонымен қатар, желіге минералданған суды жіберуді тоқтатуға мүмкіндік берді, бұл ұзақ уақыт аралығында Өскемен жылумен жабдықтау жүйесінің әлсіз орны болған еді.

2004 жылдың соңында айнымалы су жүйесімен пайдалануға енгізілген жаңа күл үйіндісінің құрылысы қоршаған ортаны қорғаудың барлық мемлекеттік стандарттарын ескерумен жүзеге асырылыған және Ертіс өзені мен жер асты көкжиегін ластайтын заттардан қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ағындардың тазартылуын қамтитын нөсер ағын суларының үш тазарту құрылғысы пайдалануға берілді. 31 мың шаршы метр алаңын тазарту мен жинақтау бойынша шаралар іске асырылды.

2002-2006 жж. аралығында жоғары қысымдағы барлық қазандықтарға жануды басқару технологиясы табысты ендірілді. Нәтижесінде, ауаға азот тотығының меншікті шығарындысы 30 пайызға, көміртек тотығының шығарындысы 93 пайызға қысқартылды.

2009 жылы желдеткіш түріндегі градирняның құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Бұл жоба станция қуаттылығын кеңейтудегі бірінші кезең болып табылады. 2016 жылы № 12 турнбина қолдануға берілді.

2017 жылғы сәуірде «Өскемен ЖЭО» ЖШС «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» компаниясының тобына кірді, ол еліміздің 14 облысының 4-нде қызмет етеді – Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында.

Осы ауқымды нысандарды енгізумен қатар, станцияда аумақты көркейту, ғимараттар мен құрылыстарды, өту жолдарын тәртіпке келтіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда станцияда 559 адам қызмет етеді.

Өскемен Жылу жүйелері, Казцинк, ҮМЗ, «ШҚ АЭК» АҚ және қаланың өзге де ірі өнеркәсіптік нысандары негігі тұтынушылар болып табылады. Белгіленген жылу қуаттылығы - 859,9 Гкал/сағ, электр – 372, 5 МВт.

Станцияның ұжымы, өзінің негізгі қызметі – Шығыс Қазақстанның облыс орталығын жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуді жүзеге асырып, келешекке сеніммен қарайды. Станцияның тарихындағы жаңа парақтар, алдыңғы, жетпіс жылдағы кезеңдегідей, лайықты болатындығы күмәнсіз.


Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz